Агроөнеркәсіп: Іскерлік ілгерілетеді

174

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп  кешеніндегі инвестициялық жобаларды талқылау жөнінде мәжіліс өтті. Оған жауапты сала басшылары, жоба бастамашылары қатысты.

Мемлекет басшысының Жол­дауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесімен қаржы­ландыру көзделген.

Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фер­малары, ет бағытындағы құс фабри­калары, мал шаруашылығы кәсіп­орындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кә­сіп­орындарды, тауарлы ба­лық, басқа да су жануарларын өсі­ретін шаруашылықтарды, қой фермаларын өркендетуге басым­дық берілген.

Өткен жылы Солтүстік Қа­зақ­стан облысының тәжірибесі не­гізінде 5 жобаға, атап айтқанда, Қы­зылорда қаласында 2, Арал ау­данында 3 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл тағы 6 жобаны жүзеге асыру жос­парлануда. Аудандардағы әлеуетті жобалардың, яғни 11 жобаның пулы қалыптастырылды.

Аймақ басшысы биылға қарас­тырылған инвестициялық жоба­ларды 1 мамырға дейін ұсы­нуды тапсырды. Одан бөлек, 1 шілдеге дейін 2026, 2027, 2028 жылдарға ұсынылатын жо­балар тізімін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қаты­настары басқармасына жолдау, республикадан бөлінген қара­жат­ты мерзімінде әрі толық игеру міндеттелді.

– Инвестиция тарту Қызыл­ор­да қаласы, аудан әкім­де­рі­нің әрқайсының жеке жауап­кер­шілі­гінде, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<