Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігін белгілеу туралы мәселе ұсынылып қаралды.
«AMANAT» партиясы Жарғысының 9.8.3 – тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігін белгілеуіміз керек. Өздеріңіз білетіндей «AMANAT» партиясы облыстық сайлау комиссиясының ресми мәлімдеуінше аймақтағы сайлаушылар дауысының 68,51 пайызын иеленді. Бұл көрсеткіш біздің партияға облыстық мәслихат депутаттары мандатының 50 пайыздық партиялық тізім бойынша бөлінісіндегі 13 орнын иеленуге мүмкіндік береді, – деді жиында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов.
Партия филиалының төрағасы сонымен қатар депутаттық мандатқа алғашқы кезекте ұсынылмаған азаматтардың облыста кадрлық және партиялық резервке ұсынылып жатырғандығына тоқталды. Сонымен қатар, партия Жарғысының 9.8.5 тармағында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мәслихаттардың сайланған депутаттарын кері шақырту мен ротациялаудың жүзеге асырылатындығы және осы орындарға кезектілік бойынша резервтегі азаматтар ұсынылатындығын атап өтті.
Бюроның қорытындысымен 13 азамат «AMANAT» партиясы атынан партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаты мандатын иеленді. Сайлау науқанына белсенді қатысқан барлық әріптестерімізге ризашылығымызды білдіріп, партияның алдағы міндеттерін бірігіп жүзеге асыруға шақырамыз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<