Бүгін Арал қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 150 пәтерлік 75 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті.
Оған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов және зиялы қауым өкілдері, тұрғындар қатысты.
Өңір басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен, жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерді атап өтті.
«Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын! Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Барлық салада көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында.
Үкімет басшысы облысымызға жұмыс сапары кезінде жүзеге асырылған жобаларға оң бағасын беріп, құрылыс, «Ауыл аманаты» бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін республикаға кеңінен таратуды тапсырды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста 133 млрд. 400 млн теңгеге 187 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бұл – қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Қасиетті Сыр өңірі өркендеп, көркейе берсін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар марапатталды. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов қоныстой иелерін құттықтап, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Каюпов батасын берді.
Айта кетейік, соңғы үш жылда Арал ауданына 71 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Екі жыл бұрын аудан бюджеті 10 млрд.теңге болатын, бүгінде 21 млрд. теңгеден асты. Үш жыл ішінде 1 млрд. 900 млн. теңгеге 80 шақырым ауыз су желілері, 783 млн. теңгеге 54,2 шақырым электр желілері жаңартылды. «Шижаға» елді мекенінің ескірген электр желілері қайта жаңғыртылуда, Арал қаласында 795 млн. теңгеге 2 жоба қолға алынған.
Аудан халқына «көгілдір отын» жеткізуде құны 5 млрд. 200 млн. теңге болатын «Қамыстыбас» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<