Республикалық референдумда Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та өз таңдауын жасады. Ол дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысатынын білдірді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл күннің мемлекет үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауысы ел дамуына ықпал ететін маңызды шешім.
– Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, референдумға қатысу үшін дауыс беру учаскесіне келдім. Әрбір дауыс – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Біздің таңдауымыз мемлекетіміздің ертеңгі бағытын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасауға келдім, – деді Серік Дүйсенбаев.





