
Еркебұлан Қайырбекұлы 1990 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
Қорқыт Ата Қызылорда Мемлекеттік Университетін «Информатика» бакалавры бойынша жоғары білім алған. Қорқыт Ата Қызылорда Мемлекеттік Университетін 2013-2015 жылдары «Информатика» магистратурасын бітірген.
2008-2012 жылдары жастар саясаты саласындағы әр түрлі қоғамдық бірлестіктерде қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
2014 – 2015 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы;
2015 – 2017 жылдары Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2017 жылдан бастап осы кезеңге дейін Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Педагогика ғылымының магистрі.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<