«Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалының директоры тағайындалды

1257

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша филиал директоры лауазымына бұдан бұрын филиалдың директор орынбасары міндетін атқарған Айнұр Тобаева тағайындалды.


Айнұр Тобаева 1978 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері бойынша мүғалім»мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер»мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да тіркеуші болып бастады. 2001-2007 жылдары «Жылжымайтын мүлік орталығында» түрлі лауазымдарды қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК операция залының жетекшісі болды.

2010-2017 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары болды.


2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» құрылған шақтаҚызылорда облысы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істеді.


Айнұр Тобаева Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің мерекелік медальдерімен және алғыс хаттарымен, Көлік және коммуникация министрінің «Құрмет грамотасымен», облыс, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<