Байқаудың өңірлік кезеңі қорытындыланды

1049

0

«Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды

Қызылорда облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өткізілетін «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру.

Байқаудың өңірлік кезеңі қорытындыланды

Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Аймағымызда Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті 22-29 мамыр аралығында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды.

Конкурсқа қатысуға 38 мемлекеттік қызметші ниет білдірді.Конкурс ережесіне сәйкес құжат тапсырған 32үміткердің «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы мотивациялық эссесі менбейнежазба түрінде кейстік тапсырманы орындауы жеке-жеке бағаланып, дауыс берілді.

Байқаудың өңірлік кезеңі қорытындыланды

Өңірлік комиссия отырысы дистанциялық форматта өткізілді. Комиссия шешімімен облыстық кезеңнен Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы және облыстық кірістер департаментінің заң басқармасы басшысы Шакизада Нұргүл Шакизадақызы үздік деп танылды.

Алдағы уақытта, облыстан сараланған мемлекеттік қызметшілер республикалық кезеңде аймақ намысын қорғайтын болады. Республикалық конкурстың үздіктері 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында анықталады деп күтілуде.

Республикалық комиссия анықтаған жеңімпаздар «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталатын болады.

Байқаудың өңірлік кезеңі қорытындыланды

Өңірлік комиссия құрамына мемлекеттік орган, саяси партия, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдері енгізілді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің қатарында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері -22 (58%), аумақтық департаменттердің қызметкерлері -16 (42%). Гендерлік құрамы жағынан:ерлер – 25 (66%),әйелдер – 13 (34%). Үміткерлердің 12-сі түрлі деңгейдегі басшылар болса, 26 үміткер орындаушы мамандар.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<