«Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды

413

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкімет төрағасының орынбасары – Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

Кездесуде «Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар «Бәйтерек» бірлескен ғарыш-зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру барысына ерекше назар аударды. Жоба бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен жасалған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Кездесуде жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.

Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымын құруға және «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін жаңғыртуға жауапты.

«Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласының даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге және шығуға рұқсат беру құжаттарын электронды рәсімдеу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Байқоңыр» кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту үшін өзара іс-қимыл жасауға келісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<