Байқоңыр қаласының даму көрсеткіштері сараланды

2398

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Сүлейменовті және ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатовтың есебін тыңдады.

Кездесуде Серік Сүлейменов Байқоңыр қаласындағы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Биыл Байқоңыр қаласын да­мытудың ұзақ мерзімді бірлескен бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ оны әлеуметтік-эко­номи­калық дамытудың 2020 жылға арналған Жол картасы бекі­тілген болатын.


Кездесу барысында Жасұлан Абатов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, әлеуметтік төлемдер мәселесі мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытындағы қарқынды іс-шараларды атап өтті. Байқоңыр қаласындағы комму­налдық қызметтерге жоғары тарифтерді ескере отырып, келесі жылы ақы төлеу кезінде қала тұрғындарының шығындарын өтеуді ұлғайту жоспарланғанын тілге тиек етті.


Өз есебінде Жасұлан Абатов қазақстандық бала­бақ­шалар­дың санын арттыру мақсатында Ресей тарапына жалға берілген мүліктер тізбесінен шығарып, Қар­мақшы ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге қаланың ойын-сауық және туристік әлеуетін арттыру және қонақ үй ашу үшін әкімшілік ғимаратты жалдан шығару мәсе­лесіндегі іс-әрекетті баяндады.


Бүгінгі күні Байқоңыр қала­сында медициналық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Меди­­циналық мекеме 13 өкпені жа­санды желдету аппараты және 56 оттегі концентраторымен жаб­дықталған. Көпбейінді ауру­­­ханада 185 төсек-орынға про­­визорлық стационар ашу мүм­кіндігі қарастырылған. Соны­мен қатар, Төретам ауылдық ауру­ханасы аумағында 25 орындық провизорлық төсек орнын ашу үшін Байқоңыр қаласы кәсіп­керлерінің қолдауымен бос тұрған ғимараттардың біріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Келер жылы Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ре­конструкциялау және жаңғырту жобалары іске асады. Сондай-ақ бес 50 пәтерлі тұрғын үй салу үшін республикалық бюд­жет комиссиясының шеші­міне сәйкес қаражат бөлу ал­дын ала қолдау тапқан. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашы­лып, қаланың әлеуметтік мәселесінің оң шешім табуына ықпал етеді.


Жылдық қорытынды есе­бін­де Жасұлан Абатов «Бақытты отбасы» орталығын Байқоңыр қаласынан ашу жөніндегі жоспарын айтып, жаңа орталық қаладағы әлеуметтік осал топ­тағы отбасылар мен зейнет­кер­лер, мүмкіндігі шектеулі аза­­мат­­тарға қызмет көрсетудің қол­­­же­тім­ділігін арттыратынын жеткізді.
Облыс әкімі Жасұлан Абатовқа «Жол картасы» бойынша жобаларды жалғастырып, негізгі басым бағыттардағы жұмысты ширата түсуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<