«Балалар ауыр әрі үлкен сөмкелерді тасуға мәжбүр»: Тоқаев мәселеге назар аударды

561

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында сөйлеген сөзінде білім беру үдерісін барынша цифрландыру қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, балаларға арналған мектеп мәселесінде ғимараттар мен сынып бөлмелері ғана емес, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі де маңызды. Білім беру бағдарламалары да жоғары стандарттарға сай болуы керек.

«Тағы бір айта кететін жайт, балалардың оқу құралдары салынған үлкен және ауыр рюкзактарды алып жүруге мәжбүрлеуіне қатысты шағымдар көп. Бұл, әрине, балалардың денсаулығына кері әсер етеді.

Сондықтан оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіруді жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, біз бүкіл оқу үдерісін барынша цифрландыру туралы айтып отырмыз», – деді мемлекет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<