Берік Уәли ИДМ кеңесшісі қызметінен кетті

451

0

Берік Уәли ИДМ кеңесшісі қызметінен кетті Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Осыдан екі жыл бұрын министрліктің жұмысын жандандырып, қоғаммен байланысты нығайту, ведомствоның сан салалы қызметін бұқараға жеткізу мақсатында арнайы департамент құрылып, бұл қызметті Берік Уəлиге сеніп тапсырған едік. Берік Уəлиұлы бұл үдеден шығып, кәсіби маман екенін орталық мемлекеттік органда да дəлелдеді» – дейді министр.

Берік Уәлидің алдағы жұмысынан сәттілік тілеген Жеңіс Қасымбек, оның не себепті жұмыстан кетіп жатқанын ашып айтпаған екен.

«Ендігі ретте екі жыл бойы министрлікте жиған тəжірибеңіз келешегіңізді кемелдендіре түседі деп ойлаймын. Қоғам белсендісі, тележүргізуші ретінде ойын ашық айтып, мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген әріптесімнің алдағы қызметіне толағай табыс тілеймін!» – делінген Жеңіс Қасымбектің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрінiң кеңесшiсi және қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарған болатын.

Ол журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<