Білім саласының мәселелері талқыланды

708

0

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен бүгін кеңейтілген мәжіліс отырысы өткізілді. Жиынға білім басқармасы мен білім бөлімінің мамандары және қаламыздағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырыста Қызылорда қаласы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері, арнайы жүргізілген талдау қорытындылары, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралды. Сонымен қатар, қала мектептері мен балабақшаларда орын алған кемшіліктер, орнын толтыруға тиісті олқылықтар мен алда атқарылуы қажетті шаралар барысы, әлеуметтік желілермен жұмыс жайы талқыланды.

Білім саласының мәселелері талқыланды

Жиында басқарма басшысы қаламыздың білім беру саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын саралап, күн тәртібінде талқыға түскен мәселелерді жеке-жеке талдады. Отырыста қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов жыл көлемінде атқарылған жұмыстар шеңберінде баяндама жасап, алдағы міндеттерге қатысты есеп берді. Мұнан соң облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері туралы мәлімдеді.

Мейрамбек Зинабдинұлы білім беру сапасын, “Алтын белгі” мен “Үздік аттестатқа” үміткерлерді саралау, қосымша білім беру мен инклюзивті білім беру мәселелерін, тәрбие бағытын жандандыруды, кәсіптік бағдар беру жұмыстары өз деңгейінде жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, педагогтардың аттестаттау барысында жалған құжат салу, үйден оқитын балаларға сабақ өткізбеу жағдайлары, қаржылық, шаруашылық қызметтерді ұйымдастыру барысындағы кемшіліктерді зерделеп, шұғыл шара қолдану қажеттігін айтты.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<