Биыл мектептерге отандық автобустар беріледі

567

0

Қазақстандық автокөлік өндірушілері мектептерге 500-ден астам автобусты жеткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

2021 жылы қазақстандық білім ошақтары 515 арнайы автобуспен қамтылмақ: 20 орындық 347 автобус және 40 орындық 168 автобус.

Автобустар жүйелер мен тораптардың қауіпсіздігін интеллектуалды әрі автоматты түрде тексерумен, салонда балаларды тастап кетудің алдын-алу жүйесімен, қосымша қауіпсіздік белдіктері бар балалар креслоларымен, жолаушылар салонының артқы жағындағы бір рет түртуден ашылатын апаттық шығыспен және санитарлық-эпидемиологиялық қондырғымен жабдықталған. Олар, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қажеттіліктеріне бейімделген.

Автобустарды дайындауға «QazTechna», «DaewooBusKazakhstan» және «HyundaiTransAuto» секілді үш қазақстандық зауыт қатысқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<