Бөлінген қаржы тиімді жұмсалуы керек

858

0

Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, сенбі күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Қармақшы ауданында жалғасып, өңір басшысының төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда аудан әкімі Мұса Қалдарбеков баяндама жасады. Облыс басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

– Өткен жылдың қорытын­дысымен облыста шағын және орта бизнес 418 млрд теңгенің өнімін өндірген болса, оның ішінде Қармақшы ауданының үлесі шамамен 2,2 процент ғана. Ша­ғын және орта бизнесті дамыту, кәсіп­керлікке қолдау көрсету және мем­лекеттік бағдарламаларды халық игілігіне пайдалану өте маңызды. «Жұ­мыспен қам­тудың жол картасы» мем­лекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны тиімді пайдалану қажет. Бүгінгі күні осы бағдарлама аясында ау­данға 3 млрд тенгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржы өз орнымен жұмсалуы тиіс. Ауданда абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу бағытында бар­лы­ғы 40 жоба іске асуда. Сондай-ақ, 800-ге жуық тұрғын жұмыспен қам­тылады деп күтілуде. Басталған жұ­мыс­тарды уақытылы және сапалы аяқ­­та­ңыздар, – деп тапсырды облыс әкімі.


Мұнан соң өңір басшысы ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдарында болып, бірқатар нысандардың жұ­мысын көрді.
Аймақта күріш өсіруде Жаңажол, Тұрмағанбет, ІІІ Интернационал, Ақ­жар сияқты ауылдардағы шаруа­шы­­­­­лық­тар жетістігі өзгелерге үлгі бо­лып келеді. Айта кету керек, былтыр облыстағы тіректі елді мекендер байқа­уында Қармақшы ауданының ІІІ Ин­­тернационал ауылы жеңімпаз ата­нып, 10 млн теңге сыйақы алған бола­тын. Ал биыл 90 жылдығын тойла­­ға­лы отырған «Жаңажол» ЖШС кү­ріш өнім­­ділігін арттыруда үздіктер сапында.


Аталған елді мекендердегі көктемгі егін науқанының жұ­мыстарымен танысқан облыс әкімі аудан әкіміне бірқатар тапсырма берді.

– Қармақшы ауданында биыл 22 920 гектарға егін егу межеленген. Көктемгі дала жұ­мыстарын жүргізуде ау­дан­дық әкімдік тарапынан қол­дау көрсетілу керек. Сон­дай-ақ қазіргі ахуалға қатысты міндетті түрде сани­тарлық та­лап­тардың сақталуын қа­да­ға­лаңыз­дар, – деді облыс басшысы.


Ержан ҚОЖАСОВ,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<