Бір апта ішінде еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады

555

0

Бір апта ішінде еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады Бір апта ішінде еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Бесінші бастама – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Бұл жобаны жүзеге асыру елордамызды әрі бірқатар өңірлерді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және экологиялық ахуалды жақсартады», – деді Премьер-Министр. Осы орайда Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру бойынша арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. «Энергетика, Қаржы, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму министрліктеріне, тиісті өңір әкімдіктеріне, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, бір аптаның ішінде жұмыс  тобын құруды және Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын қаржыландыру мәселесін, оның ішінде халықаралық қаржы институттарынан қажетті қаржыны тарту арқылы пысықтауды тапсырамын.
Жауапты министр – Қанат Бозымбаев. Асқар Ұзақбайұлы, (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамин) сіздің бақылауыңызда», – деді Бақытжан Сағынтаев.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<