Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті. «Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды»,-делінген хабарламада. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<