Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде жиын өтті. Жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 102,6 млрд теңгенің өнімін өндірді.
Тамақ өнімдерін өндіру 3,2 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 6,0 пайызға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,2 есеге, жихаз өндіру 31,4 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 8,1 пайызға артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,1 пайызға қамтамасыз етілді (24,1 млрд.теңге өнім өндірілді).
Есепті кезеңде өңір экономикасына 25,3 млрд теңге инвестиция салынды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артық орындалған.
2,5 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 129,6 пайызды құрады.
99 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 101,9 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,8 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 2,2 пайызға өсім қамтамасыз етілді.
2021 жылдың 1 наурызына 8 111 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1 264 тұрақты жұмыс орындары.
2021 жылы индустрияландыру бағдарламасының аясында облыста жалпы құны 48,5 млрд.теңгені құрайтын, 506 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар: «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» («Orda Glass ltd» ЖШС), «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру» («Қармақшы құс» ЖШС), «Ас тұзын өндіру» («Аралтұз» АҚ), «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі» («Qazaq Qamel» ЖШС).
Аймақ басшысы әлеуметтік-экономикалық даму тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді. Қала және аудандарда өндірісті дамытуды, су тапшылығы жағдайында ғылымның озық жетістіктерін енгізуді жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<