Дауыс беру учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалды

365

0

Аудан әкімдерінің пилоттық сайлауында Сырдария және Шиелі ауданында тұратын дауыс беруші мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Екі аудандағы барлық 58 учаскеде дауыс беру кабиналары жабдықталып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылды.

Екі аудан бойынша сайлауға қатысатын 439 мүгедектігі бар азамат бар. Көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиома-териалдар мен трафареттер қойылған.

Ал, қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін бірнеше инватакси қызмет етеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<