Департаментке жаңа басшы тағайындалды

931

0

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен, облыс әкімінің келісімі негізінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Зеріпбаев Мирас Максетұлы тағайындалды.

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында департамент басшысының жаңа қызметіне сенім білдірді.

– Мирас Мақсетұлы жаста болса еліміздің ірі мегаполистерінде жауапты қызмет жасаған. Сондықтан, жаңа қызметінде жинақтаған тәжірибесін, жастық жігер мен кәсіби әлеуетін аймақтың дамуына арнап, табиғи монополияларды реттеу саласын жүйелі қадамдармен ретке келтіреді деп сенім білдіремін, – деді Н.Нәлібаев.

Мирас Зеріпбаев Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс, сондай-ақ Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеттерін бітірген.

Еңбек жолын «Авислогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экспедиторы ретінде бастаған.

Әр жылдары жеке секторда жауапты қызметтер атқарды.

2017-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасының сарапшысы болған.

2020-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<