Ердоған Тоқаевты Анкараға шақырды

688

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады», – делінген хабарламада.

Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<