Ерекше қажеттілігі бар балаларды иппотерапиямен оңалту қызметі өз нәтижесін беруде

628

0

Ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша оңалту қызметтерін көрсету мақсатында Сыр өңірінде 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде иппотерапиямен оңалту қызметі жүзеге асырылады.

2023 жылға бұл мақсатқа бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жобаны қолдап, «Альтаир-бөбек» қоғамдық қоры 150 балаға иппотерапиямен оңалту қызметі көрсетуде.

Биылғы жылы қыркүйек айында қызмет алушылар арасынан Шығыс-Қазақстан облысында өткен «2023 жылға паралимпиадалық ат спорты» республикалық жарысына «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорымен иппотерапевттері Тасқара Мунира Амантайқызы, Сәрсенбай Диляра Торыбайқызы және қызмет алушы Маратов Ерасыл Азаматұлы «Балалардағы церебралды паралич» диагнозбен сүйемелдеуші әкесі Султанмуратов Азамат Маратұлы қатысып, бірінші орынды иеленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<