Фракция мүшесі қоғамдық қабылдау өткізді

471

0

Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ералиев Мағжан Абзалұлы партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді.

Қабылдауда «Мектепке жол» акциясы аясындағы көмек, тұрақты жұмысқа орналасу, кіші кәсіпкерлікті қолдау және тұрғын үй кезектілігі жайындағы тақырыптар қозғалды.

«Мектепке жол» акциясы аясындағы көмек жайында фракция мүшесі өтініш иелерінің балаларының мәліметтерін жазып алып, жақын уақытта мектеп құралдарын жеткізетінін мәлімдеді.

Сол секілді кіші кәсіпкерлікті қолдау туралы өтінішке де оңтайлы шешетінін жеткізіп, алдағы уақтта көмек қолын созатынын айтты.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша келуші азамтқа тиісті мекемелерге хабарласып, бос жұмыс орындары анықталған жағдайда қосымша хабар берілетіні айтылды.

Одан бөлек, уақытша баспанамен қамтуды сұрап келген тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Отбасы банк» арқылы пәтер ақысын төлеуге субсидия алу мүмкіндігі бар екені және алдағы уақытта қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар екендігі жеткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<