Францияның «Alstom» компаниясы Қазақстан аумағынан сервистік орталықтар ашпақ

548

0

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alstom» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Анри Пупар-Лафаржды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына компанияның инвестициялық жобалары туралы мәлімет берілді.

«Alstom» компаниясы жақын арада жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтар шығару, сервистік қызмет көрсету жобаларын іске асыруға 50 миллион еуро инвестиция салуға ниетті. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында сервистік орталықтар ашу жоспарланып отыр.

Cондай-ақ Анри Пупар-Лафарж компания осы жобаларды жүзеге асыру барысында мыңнан аса жергілікті маманды даярлайтынын жеткізді.

ҚР Үкіметі мен Alstom компаниясы арасындағы теміржол көлігінің жылжымалы құрамы мен инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтар шығару және оларға сервистік қызмет көрсету жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері туралы келісімге қол қойылды.

Айта кетейік, кеше 29 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды.

Тоқаевты Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды.

Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшысы Француз халықаралық қатынастар институтының президенті Тьерри де Монбриальмен және Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<