Гүлшара Әбдіқалықова: «Дамудың оң тенденциясын қалыптастыруға мүмкіндік жетеді»

1110

0

Халық алдында есеп беру кездесуінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын сөз етті.

Алдымен, қазіргідей күрделі жағдайдағы басты міндет – экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін айтты. Осы орайда өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 40,1 млрд теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асты.

– Бұл пандемия кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берді. Біз Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының нақты бағыттарын жүзеге асыру арқылы дамудың оң тенденциясын қалыптастыратын боламыз. Оған мүмкіндіктеріміз толықтай жетеді. Алғышарттарымыз да бар, – деді облыс әкімі.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<