Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжиннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне Қырымбек Елеуұлы Көшербаев тағайындалды.
Қырымбек Елеуұлы екі жарым айдан астам жетекшілік еткен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін енді Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарып келген Ерлан Жақанұлы Қошанов атқаратын болды.
Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<