Сейсенбіде облыс әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев үш басқармасының жаңа басшыларын таныстырды.
Атап айтқанда, облыс әкімінің өкімімен Индира Сансызбайқызы Ақжігітова – Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы, Жасұлан Уәлиұлы Абатов – ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Қайрат Байғабылұлы Абсұлтанов Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<