Күріш алқабын мүлдем қысқартуға болмайды — Қызылорда облысының әкімі

590

0

Фото: Видеодан кадр

Күріш алақабы қысқармайды. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі таңда су шынымен де үлкен проблемаға айналып тұр. Өңірімізде 193 мың гектардай егістік егіледі. Оның 46 пайызы, яғни 89 мың гектары ең негізгі дақылымыз — күріш. Ол суды шынында да көп қажет етеді. Қазіргі уақытта суды аз қажет ететін дақылдарды егуге басымдық беріп жатырмыз. Бірақ, күріш алақабын қысқартпаймыз. Біз Қазақстанды күрішпен толық қамтамасыз етіп, Өзбекстан, Тәжікстан сынды шет елдерге де экспортқа шығарып отырмыз. Таядуа Мемлекет басшысы келген кезде „Алтын орда“ күріш зауытында болды. Сол зауыттың егесі күрішті Америкаға да экспорттап жатқанын айтты. Шын мәнісінде солай. Өйткені, күрішке сұраныс жоғары, бағасы да жақсы», — деді өңір басшысы. 

Оның атап өтуінше, халыққа күріш бағасының арзан болғаны жақсы. Бірақ, күріштің бейнеті көп. Шаруалар күнге күйіп, ала жаздай жұмыс істейді. Сондықтан бағаның көтерілгені дұрыс. Баға көтерілген кезде шаруалар қарыздарынан құтылып, техникалаларын жаңартуға мүмкіндік алады. 

«Күріш алқабын мүлдем қысқартуға болмайды. Өйткені, біздің өңір күріш өсіруге бұрыннан бейімделген. Жеріміздің құнарлығы басқа өңірлерге қарағанда төмен. Басқа дақылдардың өнімі аз болады. Бұған дейін басқа да дақылдар өсіріп көрген. Шынымен өте қиын. Дегенмен, соған қарамастан егістік алқаптарын әртараптандыру үшін суды аз қажетсінетін дақылдар алқабының көлемін ұлғайтып жатырмыз», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<