М.Жайымбетов: «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізу заман талабы

378

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Мәжілістің жалпы отырысында өзекті пікірін білдірді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Депутаттың пайымдауынша, Заң жобасы өте қызу талқыға түсті. Талқылауда өз пікірін ортаға сала отырып, Мархабат Жайымбетұлы пікірге түрткі болған мәселе – баланы емес, бизнесті ойлап, есепсіз кетіп жатқан қаржылар екенін атап өтті.

Дұрыс жұмыс істемейтін жеке балабақшаларға, мектеп пен артспортқа қаржы бөлуінде мәселе бар. Бұл дегеніміз олардың қыз­меті ашық емес екендігінде күмән келтіреді. Енді қызмет көрсету сапасын арттыра­тын кез келді.

– Қызылорда облысының әкімі «Face ID» жүйесін енгізгелі бері 18 млрд.теңге қаражат үнемдеген. Бұны тек бір облыс енгізіп отыр. Қалған басқа облыстарды енгізсек 100-деген млрд. үнемдейміз. Неге ол қаражатты балдардың сапалы ілім мен білім алуына жұмсамаймыз, – деді ол.

Ең басты мақсат баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазір мемлекеттік органдар ғимараттардың кіре берісінде, қажет десеңіз үйдегі подъездерге «Face ID» жүйесін енгізуде.

– Не кедергі «Face ID» жүйесін бала-бақша, жекеменшік мектептерге және артспортқа енгізуге? Яғни пікірім, жекеменшік балабақшасы не мектебі болсын жеке бол­ғандықтан «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген ұстанымнан аулақ болуы қажет. Ал білім мен тәрбие беру ісі – бизнес емес, елдің болашағы екенін қаперде ұстасақ екен, – деп түйіндеді депутат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<