Медициналық емхана «Іскер» жүлдесін иеленді

1771

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге арналған арнайы «Іскер» жүлдесін қызылордалық «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС иеленді. Медицина саласында өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз.

2017 жылы бері іске қосылып, пандемия жылдарында да үздіксіз қызмет етіп келе жатқан медициналық емхананың атқарушы директоры Жайна Карлиханова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жетістігімен бөлісті.

– Біз республикада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жобалардың бірі. Жоба 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылып жатыр және осы жоба аясында бұрынғы №2 қалалық емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшті. Біздің емхана 40 мыңға жуық қала тұрғынына қызмет көрсетеді. Медициналық және әкімшілік персоналды қосқанда 300-ден астам адамнан тұрады. Біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және консультативтік-диагностикалық көмектің көптеген түрлері бойынша міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде міндетті қызметтерді көрсетеміз. Біздің емхана соңғы үлгідегі МРТ, рентген, маммография және ультрадыбыстық құрылғылармен жабдықталған. 2024 жылдың 1 тоқсанында күндізгі стационары бар оңалту орталығы ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Жайна Төреханқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<