Мемлекет басшысы телефон арқылы Қызылорда облысы әкімінің есебін тыңдады

537

0

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың есебін тыңдады.

Облыс әкімі Президентке коронавирус індетімен күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Қазіргі кезде өңірдегі вакцина салдыруға тиісті тұрғындардың 52 пайызы екпе алды.

Сонымен қатар облыс әкімі аймақтағы су шаруашылығына қатысты жағдайды да баяндады. Сырдария өзені арқылы облысқа секундына 550 текше метр су келуде. Шаруашылық субъектілеріне су беру кезегі мен оның көлемін анықтайтын жұмыс комиссиясы құрылды. Бүгінде Арал ауданында 12 шілдеде төтенше жағдай жарияланған.

Осыған байланысты Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен жем-шөп субсидиясына, сондай-ақ, су арналарын тазартуға және ұңғымалар қазуға қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне халықты вакциналауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, мұнай-газ саласындағы проблемаларды шешу үшін кешенді амал қарастыруды, сондай-ақ, Қызылорда облысына қарасты аудандардағы зардап шеккен шаруашылық субъектілеріне жем-шөп дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<