Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

193

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлын таныстырды.

Б. Жұмағұлов 1983 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының «Бизнес және басқару» магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Арнайы құқықтық пәндер» кафедрасының лаборанты болып бастаған. 2007-2018 жылдары Арал аудандық жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшысы, аудан әкімі аппаратында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2018 жылдан осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары болған.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына сәттілік тіледі.

«Бектемір Ұлыбекұлы жинақтаған мол тәжірбиесін күрделі де жауапты жұмысқа, еңбек қатынасындағы дауларды орнықты шешуге, жұмысшылардың құқығы мен ұжымдық тұрақтылықтың сақталуына, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге жұмсайтын болады.

Жаңадан тағайындалған әріптестерімізді құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<