Мереке қарсаңындағы марапат

352

0

Бейсенбі күні облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, мереке қарсаңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды және кадрлық өзгерістер  таныстырылды.

Алдымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депар­­таментінің  басшысы Ардақ Ерсейітов  жүргізілген мони­торинг нәтижесінде Қызыл­орда облысы сыбайлас жем­қор­лық деңгейі төмен аймақ ретінде саналатынын айтып, жемқорлықтың алдын алуға үлес қосқан бірнеше азаматқа агенттіктің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Онан соң облыс әкімі биылғы маусым айында Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты қаланы қалпына келтіруде көмек қолын созған азаматтарға, құрылыс компанияларына алғыс айтты.

– Биыл маусым айында Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай барлығымыздың қа­быр­ғамызды қайыстырып кет­кені белгілі. Республика жұрт­шылығымен қатар сыр­бойылықтар да қарап қалмады. Алғашқы күннен бастап көмек қолын созды. Үш мыңға жуық жергілікті мемлекеттік қыз­метші бір күндік жалақысын аударып, кәсіпкерлер мен еріктілер қаржылай көмек көрсетті. Екі айда облысқа бөлінген 14 көшедегі 268 тұрғын үй қалпына келтірілсе, 4 үй жаңадан сатып алынып берілді. Сыр еліне бекітілген аймақтағы құрылыс жұмыстары мерзі­мінде аяқталып, арыстық­тардың көңілінен шыға білді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин өңір тұрғындарына қиын жағдайда қолдауы үшін ризашылығын білдірген болатын,– деді облыс басшысы.

Бірқатар  құрылыс ком­па­ния­сының өкілдері мен құ­ры­лысшылар облыс әкімінің Алғысымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің «Құрметті құры­лысшы» төсбелгісімен марапатталды.

Онан соң аймақ басшысы орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып, жаңа лауазым иелерін таныстырды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы лауазымына Гүлмира Өтегенова тағайындалса, Ұлттық Экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыс бо­йынша департамент басшысы болып Ерсін Орынбаев бекіді. Сонымен бірге  Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бас­шы­лығына Ғалия Дәулетова келді.

Айнұр БАТТАЛОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<