Премьер-министрдің бірінші орынбасары тағайындалды

862

0

Әлихан Смайылов Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, мамандығы: қолданбалы математика. ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтаған, мамандығы: мемлекеттік басқару.

Еңбек жолын 1993 жылы «А-Инвест» Инвестициялық-жекешелендіру қорында бастады.

1995 жылдың желтоқсаны – 1996 жылдың тамызы аралығында – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;

1994 жылдың маусымы – 1996 жылдың мамыры аралығында – ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының студенті;

1996 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы аралығында – ҚР Ұлттық статистика агенттігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

1998 жылдың наурызы – 1998 жылдың сәуірі аралығында – ҚР Статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;

1998 жылдың сәуірі – 1999 жылдың қарашасы аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

1999 жылдың қарашасы – 2003 жылдың ақпаны аралығында – ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы;

2003 жылдың ақпаны – 2003 жылдың маусымы аралығында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі;

2003 жылдың маусымы – 2006 жылдың қаңтары аралығында – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;

2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қаңтары аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі;

2007 жылдың қаңтары – 2008 жылдың қарашасы аралығында – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті;

2008 жылдың қарашасы – 2009 жылдың қазаны аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі;

2009 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2014 жылдың тамызы – 2015 жылдың желтоқсаны аралығында – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;

2015 жылдың желтоқсаны – 2018 жылдың қыркүйегі аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

2018 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі.

Үйленген, екі баласы бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медальдарымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<