Нұрлыбек Нәлібаев: Көмір қорында тапшылық болмауы керек

484

0

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен селекторлық режимде жиын өтіп, көші-қонның кейбір мәселелері, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру және елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиынға салалық министрлер мен онлайн режимде өңір әкімдері қатысты.

Премьер-Министр аталған салаларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижелі жұмыс көрсету қажет екенін атап өтті.

Селекторлық отырыстан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет тапсырмаларын орындау бағытында негізді басымдықтарға мән беріп, жұмысты ширату қажет екенін алға тартты. Оның ішінде көші-қон мәселесінде тіркелмеген көшіп-қонушылардың санын анықтауда мобильдік топтар құруды және құқық қорғау саласы басшыларына рейдтік шараларды ұдайы түрде жүргізуді тапсырды. Ал, білім басқармасының басшысына «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруда нақты шаралар қабылдауды жүктеді. Бұл ретте құрылысы салынатын мектептерге бөлінген жер телімдері құжаттарының биылғы жылдың 1 қарашасына дейін рәсімдеуді тапсырды. Облыс әкімі жылуға дайындық және көмір жеткізу мәселесін арнайы қарады.

«Барлық әлеуметтік нысандарға қажетті отын қорында проблема туындамауы керек. Әсіресе, аудандарда тапшылық орын алып, халық кезек күтіп, ажиотаж болмауын бақылауға алу қажет. Мектептерде, ауруханаларда, халыққа қызмет көрсету орындарында, мәденит және спорт мекемелерінде жылу беру үзіліссіз жүруі тиіс. Бұл бағытта әр ауданның ұйымдастыру жұмыстары мұқият қаралады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиын соңында аймақ басшысы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін рет-ретімен шешуде 10 қазаннан бастап облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау саласы басшылардың орынбасарлары 1 күн бойы 1 ауданда ашық есік күндерін өткізіп, халықпен пікірлесетінін баса айтты. Мұндай тәжірибені ай сайын қолға алуды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<