Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады

1194

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әйел-аналармен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады

– Аналарымызды ардақтап, қадір тұтудың шектеулі мерзімі жоқ. Десек те, көктемнің күнін көрікті ететін 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» сол 365 күннің ең бір ерекше күні екені даусыз. Олай болса, бүгін қоғамның барлық саласында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген нәзік жандарға, аяулы аналарға шынайы алғысымызды білдірсек деген ниетпен жиналып отырмыз. Биыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі жылы. Осы жылдар ішіндегі еліміздің толағай табыстары мен Сыр өлкесінің қол жеткен жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар. Сіздерді қасиетті Жер-ана бусанып, қар астынан алғашқы бәйшешек бой көтеріп, жер-дүние күн шуағына бөленетін көктемнің көрікті мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады


Қазіргі таңда өңіріміздегі халық саны – 814 461 болса, оның ішінде нәзік жандылардың саны – 405 526 құрайды. Қалалық жердегі әйелдер – 185 462 болса, ауылдық жерде – 220 064. Көпбалалы аналар саны – 38 706. Оның ішінде «Алтын алқа» иесі – 4363 болса, «Күміс алқа» иесі – 9655. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызы – әйелдер. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің 87 пайызы, педагогтардың 73 пайызы әйелдер болса, жалпы бюджеттік салада 60 пайыз қыз-келіншек қызмет етеді. Облыстық, қалалық аудандық депутаттары саны – 152 болса, оның 39-ы әйел азаматша. Бүгінде өңірімізде 54 157 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның шамамен 22 мыңнан астамы әйел кәсіпкер.

Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады


Өткен 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 382 кәсіпкерге қолдау көрсетілсе, оның ішінде 178-і әйел кәсіпкер қолдауға қол жеткізген.


Кездесуде аймақ басшысы көп балалы аналар Юлия Панащук пен Фарида Төреқожаеваға «Күміс алқа» төсбелгісін табыс етті.
Шарада сөз алған облыстың Құрметті азаматы Алмагүл Божанова мен ауылшаруашылығы саласының ардагері Рая Бердешова қөрсетіліп жатқан құрмет үшін аймақ басшысына алғысын білдіріп, өңірдің өркендеуіне тілектестіктерін білдірді.

Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады


Ал, 25 жылдан аса акушер қызметін атқарып, 10 мыңнан аса сәбидің «Кіндік анасы» атанған Гүлмира Исабекова әйел және ана бақыты жайлы өнегелі ойларымен бөлісті.

Ақын Асылзат Арыстанбек «Әйел әлемі» атты өлеңін оқып, мереке иелеріне жырдан шашу шашты. Тәуелсіздіктің құрдасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының докторанты Бекзат Ырза жастарға жасалып жатқан мемлекеттің қолдауларын айта келе, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.


Жалпы нәзіктік пен сұлулықтың символы саналатын, көктемнің шуақты мерекесінде бас қосқан әйелдер қауымы, нәзік жандылардың қоғамдағы орны, олардың ұрпақ тәрбиесі мен ел өміріндегі елеулі істерге үлесі жайлы еркін пікір алмасты.

Облыс әкімі әйел-аналарды мерекесімен құттықтады


Кездесу соңында аймақ басшысы салтанатты басқосудың қонақтарына мерекелік сыйлықтар табыстап, естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<