Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

1038

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен, республикалық телеарна, баспа басылымдарының меншікті тілшілерімен кездесті. Журналистердің мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ өкілдерін алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.


Одан кейін облыстағы короновирус індетіне қатысты ахуалды сөз етіп, вирус динамикасына қарай қолға алынған жұмыстарды тізбеледі. Сонымен бірге алдағы кезеңде жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсіп өндірістерін көбейту, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тарқатып берді.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Мұнан өзге жылу беру маусымына дайындық мәселесі және жаңа оқу жылын қашықтан ұйымдастыру шараларына айрықша тоқталды.
Кездесуде облыс әкімі күріш экспорты, егін шаруашылығын әртараптандыру мәселелерін қозғап, өңірдегі аграрлық саладағы басымдықтарды атады.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

БАҚ өкілдері аймақ басшысына әлеумет, білім, экономика, ауыл шаруашылығы салаларындағы көкейде жүрген сауалдарын қойды. «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов ақпаратты беру тәсілінде талдамалы ақпараттарды жетілдіру қажеттігін және жергілікті сала басқармаларының тиісті мәселелерге келгенде ашық ұстанымдарының жетпейтінін атап өтті. Бұл ретте әрбір сала басшыларының журналистермен тікелей қарым-қатынас жасауы, ақпараттық шектеулерге жол бермеуі қажет екенін жеткізді.

Ал республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев егіс алқаптарындағы су тапшылығы проблемасын алға тартып, суды үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударуды сұрады.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі өзекті сауалға нақ жауап берді.

– Биылғы жылдан басталған суармалы судың тапшылығы егін шаруашылығына әсер етпей қоймады. Мұны біз білеміз. Осы жағдайды ескере келе, ауыспалы егіс жүйесіндегі күріш егісінің көлемін 75- 80 мың гектарға тұрақтандырып, мал азықтық дақылдар егісінің көлеміне басымдық беруді көздеп отырмыз,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.


Кездесуде республикалық «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы ақпараттық ашықтық, тәуелсіз БАҚ өкілдеріне мемлекеттік тапсырыс беру мәселесін көтерді. Бас редактор өңірдегі сала басшылары ай сайын онлайн платформалар арқылы журналистермен кездесу ұйымдастырып, ортақ мәселелерді талқыға салатын кері байланыс тетіктерін іске асыруды сұрады.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті

Ал, «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбек маман даярлау мәселесін қайта қарап, журналистермен тікелей қызмет жасайтын баспасөз хатшыларының жұмысын күшейтуді сауал етіп қойды.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті


Сонымен бірге кездесуге жиналған ақпарат саласының мамандары журналистика саласының ардагерлеріне және осы салада аянбай еңбек етіп жүрген тілшілер қауымын ынталандыру бағытында түрлі шаралар өткізуді ұсынды.


Облыс әкімі ақпараттық қолжетімділік бағытында журналистер тарапынан айтылған әрбір ұсынысты саралай келе тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, ақпараттық ашықтықты ұстануда жұмысты жүргізудің алгоритмі бекітілетінін атап өтті. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен еркін кездесулерді өткізу жалғасатынын қаперге салды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<