Облыс әкімі cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

498

0

Бүгін Қызылорда қаласы «Арай» шағын ауданындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш басында тарих қатпарындағы қасіретті кезеңді еске алу іс-шарасы өтті.

Елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге нәубетке ұшыраған боздақтар рухына тағзым етті.

Облыс әкімі cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Іс-шарада зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мұнан кейін аймақ басшысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде құрбандардың рухына құран бағыштады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<