Облыс әкімі өз таңдауын жасады

736

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады. Өңір басшысы облыс орталығындағы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде орналасқан №263 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Аталған сайлау учаскесі таңғы жетіден бастап өз жұмысын бастады. Онда барлығы 2883 сайлаушы тіркелген. Олардың 40 пайызға жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерді.

Облыс әкімі өз таңдауын жасады
Облыс әкімі өз таңдауын жасады

– Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін, – деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай жасалған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін патриоттық әндер қойылып, халыққа әдемі әсер сыйлауда. Ал алғашқы болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да табысталды.

Сыр елінде Президент сайлауына дауыс беру қарқынды жүруде. Таңсәріден сайлау учаскелеріне асыққан жұрт жауапты күнде азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Қазыналы қариялар мен зиялы қауым өкілдері, жас жұбайлар, алғаш сайлауға қатысқан жастар, егіздер бір уақытта дауыс беріп, елдік іске бірікті. Айта кетейік, аймақта 373 сайлау учаскесі және 482934 сайлаушы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<