Облыс әкімі жылу-электр орталығы құрылысының барысын баяндады

359

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасын және электронды сауданы дамыту мәселелері қаралды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысына Сыр өңіріндегі жылу-электр станциясының құрылыс жұмыстары туралы баяндады.

«Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба. Бу-газ орталығын әлемдік тәжірибесі мол «Акса Энерджи» түрік компаниясы салуда. Бүгінгі күннің өзінде инвестор 70 млрд теңгеден астам инвестиция бағыттады. Негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс берілген, осы жылдың мамыр айында құрылыс алаңына жеткізіледі. Әкімшілік ғимараттар мен жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы аяқталып, жаңа жылу орталығы орналасатын жер дайындалуда.

Құрылыс алаңында 220-дан астам жұмысшы және 50 ауыр техника жұмыс жасауда. Жазда 800-ден астам жұмысшы жұмылдырылмақ. Орталыққа дейін газ құбырын жеткізудің жоба-сметалық құжаттамасы облыстық бюджет есебінен әзірленіп, қаржы қаралды, мердігер мекеме анықталды», – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, жаңа жылу-электр орталығын 2025 жылдың тамыз айында іске қосу жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<