Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

602

0

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды Вадим Басин атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Жаңа лауазымда ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Өзінің жаңа орынбасарын өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте таныстырды.

Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1985 жылы «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы «Өнеркәсіптік электроника мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Испат-Кармет АҚ бас энергетигі болды. 2011 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Вадим Басин «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<