Облыс әкімінің қасиетті Рамазан айымен құттықтауы

1261

0

Ардақты ағайын!

Сіздерді барша мұсылманның аса ұлық мейрамы, он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!

Ораза – адамзат баласын шыдам­дылыққа, сабырмен қарауға, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақыратын қадірлі ай.

Бұл – араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның жүрегіне мол мейірім, бойына қанағат ұялататын ерекше сәт.

Осы кезеңде жасаған қайырым­дарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, қасиетті ай әрбір отбасын шапағатына бөлесін!

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізуге тура келіп отыр. Қатерлі індетті барынша сақтану арқылы ғана жеңе алатынымызға көзіміз жетті.

Осы ретте, сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға, отбасында болуға шақырамын.

Денсаулық ең басты құндылығымыз екенін ұмытпайықшы, жерлестер!

Халқымыз қазіргі күрделі кезеңнен аман-есен өтіп, еліміз бейбіт, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін!

Құрметпен,

Гүлшара Әбдіқалықова

облыс әкімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<