Облыс әкімінің құттықтауы

1850

0

Құрметті Сыр елінің орман шаруашылығы қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз.


Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан Қызылорда облысы үшін орман шаруашылығының өз орны бар.


Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.


«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз.
Олай болса, Сыр елінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыруға әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін!
Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!


Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, қоршаған ортамыз таза болсын!

Құрметпен, облыс әкімі

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<