Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Бердияр Пірімбетов облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1959 жылы туған, Алматы темір жол транпорт инженерлері институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Қызыл-Орда қаласының № 355 құрылыс-монтаж поезының құрылыс мастері ретінде бастаған.
1987-1994 жылдары Батыс Қазақстан теміржол көлігі Ақтөбе жол-құрылыс тресті №355 құрылыс-монтаж поезының құрылыс мастері, бас инженері, поезд бастығы;
1994-1995 жылдары Батыс-Қазақстан теміржол көлігінің жөндеу-пайдалану құрылыс қызметінің бастығы;
1995-1998 жылдары Ақтөбе қаласының «Зеленстрой» АҚ вице-президенті;
1998-1999 жылдары Ақтөбе қаласының «Табиғат» ЖШС-нің директоры;
1999–2004 жылдары «Қазақстан теміржолы» РМК «Желдорводотеплоснабжение» ЕМК Ақтөбе қаласындағы Батыс аймағы бойынша аймақтық өкілі, директор орынбасары;
2004 – 2008 жылдары Ақтөбе облысының күрделі құрылыс, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармалар бастығының орынбасары жауапты қызметтерін атқарған.
2006-2009 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс департаменті директоры, облыстық құрылыс басқармасының бастығы;
2009-2017 жылдары Ақтөбе облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;
2017 жылдан осы кезге дейін «Инжиниринг стройгрупп» және «Отес-Актобе» ЖШС-нің техникалық қадағалау бойынша инженері болып қызмет атқарып келді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<