Облыстық басқарма басшысы тағайындалды

1354

0

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстың еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметіне Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы тағайындалды.

Төреахмет Сайлаубайұлы 1976 жылы туған.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Экономист-шығыстанушы, түрік тілінің аудармашысы-референті», Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Инженер» мамандықтары бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы Қазақстанның Даму институтын экономикалық зерттеулер орталығының стажер-зерттеушіретінде бастаған.

2003-2004 жылдары – Қызылорда облыстық минералдық ресурстардың энергетикалық инфрақұрылымы басқармасы-жетекші маманы, 2004 – 2006 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімі – бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2007 – 2012 жылдары – Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы Қызылорда облыстық филиалының директорының орынбасары, «Құрылыс Базис Кызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс жасап, 2012 – 2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департамент директорының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болған.

2014 – 2017 жылдары Бақылау және әлеуметтік комитетінің Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған.

2017 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<