Ортақ мүдде ордасы

486

0

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуда. Билік пен халық арасында дәнекер болып, ел мүддесі жолында жұмыс жасап келетін органның мерейтойы аясында “Жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оған облыс әкімі Қуаныш­бек Ысқақов, облыстық мәс­­ли­хаттың бұрынғы хат­шы­­лары, ардагерлер, облыс­тық мәслихаттың І-VI ша­қы­­рылым депутаттары, ау­дан­дық мәслихаттардың І-VI шақырылым хатшылары, ға­лым-ұстаздар қатысты. Шара облыстық мәслихаттың қо­ғам­дағы рөлі турасындағы бе­йнероликтен бастау алды.

Мұнан соң облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов сөз алып, тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген мәслихат мерейтойымен құттықтады.

– Мәслихаттар институ­ты­ның негізі 1993 жылы жел­тоқсанда «Қазақстан Рес­пуб­ликасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының не­гізінде қаланды. Осыған орай, 1994 жылдың нау­рыз айынан бастап оған дейін өкілді орган қызметін атқарып келген облыстық, қалалық, аудандық кеңестер – жергілікті мәслихаттарға орын берді. Бұл енді ғана дербестік алған елімізге үлкен жауапкершілік болатын. Осы уақыт аралығында мәслихат үдеден шыға білді. Өйткені, өздеріне берілген өкілеттілік пен біліктіліктері арқасында жергілікті мәслихаттардағы депутаттар корпусы қоғамды одан әрі демократияландыруға, халықтың әл-ауқатын, тұр­мыс жағдайын жақсартуға бағыт­талған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, мәслихат халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, өздерінің өкілеттік шеңберінде көптеген өзекті мәселелерді, қиын түйт­кілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге ықпал етті,  – деді облыс әкімі.

25 жыл тарих үшін қас қағым сәт болуы мүмкін. Алайда, өткен күндердің өлшемімен қарағанда осы уақыт ара­лы­ғында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік ат­қарыл­ғанын аңғару қиын емес. Аймақ басшысы бұл белеске облыстық мәслихат та үлкен жетістіктермен жетіп, елдің даму жолында беделді күшке ие болған халық қалаулылары алдағы уақытта да Сыр өңірінің дамуына аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

Конференция барысында облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлін сөз етті.

– 25 жылдық тарихында барлық деңгейдегі мәслихаттар – заң шеңберінде халықтың еркіндігі мен аманатын жүзеге асыратын мемлекеттік органға айнала білді. Алғашқы жылдардан бастап облыстық мәс­ли­хат жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ел Консти­тутциясы нормаларын,  Президент Жарлықтарын, облыс­тың экономикалық даму бағ­­­дар­­ламаларын  іске асыруға белсене атсалысып келеді. Депу­­таттардың халықпен бай­­ла­­нысы, еліміздің өркен­деу жолындағы жұмысы мұ­нымен толастамайды, әрі қа­­рай да жалғасын табатын бо­­­лады, – деді Қылышбай Ал­дабергенұлы.

Мұнан әрі облыстық мәсли­хат­тың ардагері Алмагүл Божанова жергілікті мәсли­хаттың қоғамдағы маңы­зын арттыру турасында баяндады. Сонымен қа­тар, жиында «Ха­лықтың өмір сү­руін қамтамасыз ету­дегі жергілікті өкілді басқарудың рөлі мен маңызы», «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер – өзін-өзі басқару жүйесінің негізі» тақырыптарында да баяндамалар тыңдалды.

Жиын соңында аймақ бас­­шысы бір­қатар халық қа­лау­­лыларын “Nur Otan” партия­сы­ның “Белсенді қыз­­­меті үшін” төс­бел­гісімен, облыс­тың Құрмет грамотасымен және  Алғыс хатпен марапаттады. Оның барысында “ҚР Құрметті инженері” атағын облыстық мәслихат депуттары Имамадин Оңғарбаев, Тілеуберген Шаутай, Имамзада Шағыртаев иеленіп, марапат төрінен көрінді.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<