Осы сағатқа дейін қанша қазақстандық дауыс берді: ОСК мәліметтері

530

0

Республика азаматтарының 23,37 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалардың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

– Абай облысы бойынша – 25,64,

– Ақмола облысы бойынша – 21,21,

– Ақтөбе облысы бойынша – 26,66,

– Алматы облысы бойынша – 20,12,

– Атырау облысы бойынша – 25,03,

– Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86,

– Жамбыл облысы бойынша – 23,27,

– Жетісу облысы бойынша – 25,58,

– Қарағанды облысы бойынша – 32,27,

– Қостанай облысы бойынша – 26,97,

– Қызылорда облысы бойынша – 29,41,

– Маңғыстау облысы бойынша – 25,20,

– Павлодар облысы бойынша – 27,90,

– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,3,

– Түркістан облысы бойынша – 27,03,

– Ұлытау облысы бойынша – 27,81,

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17,

– Астана қаласы бойынша – 13,73,

– Алматы қаласы бойынша – 8,42,

– Шымкент қаласы бойынша 30,92 пайыз», – деді ол.

Оның дерегінше, жалпы таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 23,37 пайызын құрайды.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05, 14.05, 16.05, 18.05 және 20.05-те берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмысын бастады.

Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру өтіп жатыр.

Шетелдегі 51 учаскеде сайлау жергілікті уақытпен басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<