Президент еңбек демалысына шықты

426

0

Фото: Ақорда

Президент еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2021 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<