Президент халықаралық компания басшыларымен кездесті

834

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Fortescue Future Industries» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсатының бірі. «Fortescue Future Industries» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.

Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді. Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<