Президент: Қаңтар оқиғасына кінәлілердің бәрі жазаланады

2097

0

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күштік құрылым өкілдерінің ісі үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күш құрылымдарының өкілдері мен олардың сыбайластарының астыртын келісімі жөніндегі істі тергеу үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Алдымызда куәгерлермен, сараптама жүргізу, түрлі деректерді зерделеу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бір нәрсені айта аламын. Жоғары басшылықты ығыстырып, оны халық пен әлем қауымдастығы алдында дискредиттеуді мақсат еткен ауқымды, әр тетігіне дейін ойластырылған операция болды», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қастандық ұйымдастырушылар бұл мақсатқа Алматы қаласын ерекше мақсатта пайдаланбақ болған.

«Осы мақсатқа жету үшін астыртын келісім жасаушылар ойланбастан біздің ең ірі қаламыз — Алматыда хаос орнату, адамдардың көңіліне үрей ұялату, елдегі ахуалды тұрақсыздандыру туралы тапсырма алған, кәсіби дайындалған жауынгерлерді қолданды. Сондықтан бұл қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдардың бәрі олар қоғамда қандай лауазым мен беделге ие екеніне қарамастан жаза арқалайтынына сендіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<