Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысушылармен бірге суретке түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Санаулы минуттардан кейін Конгресс орталығында форумның пленарлық отырысы басталады.
Еске сала кетейік, елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр.
Халықаралық форумның жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<